Медиа
БастыБастыЖаңалықтарЖаңалықтарМақалаларМақалаларЖобаларЖобаларҚайырымдылықҚайырымдылық
Платформаға кіру
БастыБастыЖаңалықтарЖаңалықтарМақалаларМақалаларЖобаларЖобаларҚайырымдылықҚайырымдылық
Медиа

Investjasa басылымы: қаржылық сауаттылық, инвестициялау және халал қаржы туралы жаңалықтар мен мақалалар, қайырымдылық қорының ашық есептері.

Бөлімдер

  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
  • Жобалар
  • Қайырымдылық

Investjasa

  • Оқу платформасы
  • Қайырымдылық есебі
  • Инвестор сөздігі

Жазылу

  • Instagram
  • Telegram
  • YouTube
  • RSS арнасы
  • support@investjasa.kz

© 2026 Investjasa

  • Құпиялылық саясаты
  • Жария оферта
Made by
    Медиа/Мақалалар

    Цифрлық феодализм: Супер-қосымшалардың біз көрмейтін зияндары

    Kaspi, Apple, монополия, АҚШ

    Investjasa редакциясы2026 ж. 13 қазан · 2 мин оқу

    2024 жылдың наурыз айында АҚШ ӘДІЛЕТ министрлігі APPLE компаниясын заңды түрде сотқа берді. Олардың ойынша APPLE өз құзіреттілігін асыра пайдаланып, бизнестер мен халықтың басқа қосымшаға өтуіне кедергі болатын жасанды барьерлерді пайдалануда.

    Бір ғана мысал: кез-келген қосымшаның ішінде цифрлық контентті сатып алған кезде APPLE сол соманың 30% ұстап қалады. Қызығы басқа төлем жолдардың бәрін жауып тастаған. Ал кәсіптер өзінің қосымшасын Iphone-да шығару үшін тек қана App Store арқылы ғана жарыққа шығара алады. Демек Iphone-да өзіңнің қосымшаңды орнатудың да, төлем қабылдаудың да басқа жолы жоқ.

    Кәсіпкер өз қосымшасын Iphone-да шығармай қояйын десе, әлемнің 30%-ынан астамы Iphone ұстайтыны тағы бар. Былай да, былай жол жоқ.

    Бұл бір ғана көге көрінер мысал. Осыны байқаған АҚШ ӘДІЛЕТ министрлігі APPLE-мен 2024 жылдан бері соттасуда. Сот әлі жалғасып жатыр.

    Бұл біздің нарыққа таныс жағдай. Өйткені бізде де Kaspi секілді монополист супер-қосымшалар шығуда. Бізде де цифрлық феодализмнің көріністерін байқап жатырмыз. Мәселен ең жоғары комиссиялар мен банктік қызметтер каспиде. Кәсіпкерлер ол комиссиялардан қашып құтыла алмайды, өйткені халықтың басым бөлігі каспи қосымшасын қолданып, сонымен төлегісі келеді. Ең қызығы кәсіпкерде жасырын комиссияларды тауардың құнына қосып сатады. Сонда бұл жерде ұтып тұрған тек каспи.

    Егер бұлай жалғаса берсе, жақын арада бізде осындай ірі қосымшалар мен мемлекеттің арасындағы сот дауын көріп қалуымыз мүмкін.

    Біз бұндай жағдайға жетпеу үшін не істеуіміз керек?

    Тұтынушы ретінде БІЗ не істей аламыз? (Саналы тұтыну)

    Монополия біз арқылы өмір сүреді. Ал біз монополияға жол бермей, бәсекелестікті қолдауымыз керек. Мына 3 әдетті қалыптастырсақ, бәсекелестікке жол ашылады:

    • Диверсификация (Әртүрлі карталарды ұстау): Жалақыңызды немесе жинағыңызды тек бір банкте/қосымшада ұстамаңыз. Кем дегенде 2-3 түрлі банктің картасын, төлем құралдарын қатар пайдаланыңыз.
    • Шағын бизнесті тікелей қолдау: Дүкеннен, СТО-дан немесе кофейнядан зат аларда, мүмкіндігінше оларға банк комиссиясын төлетпейтін төлем түрін (нақты ақша, тікелей аударым) ұсыныңыз.
    • Рассрочка детокс: «0-0-24» түріндегі эмоциялық сатып алуларды азайту. Пайызы жоқ сияқты көрінгенімен, тауардың ішіне бәрібір маркетплейстің комиссиясы енгізіліп қойғанын ұмытпау.
    Бөлісу
    TelegramWhatsAppFacebookX

    Тағы оқыңыз

    Зейнетақы, пенсия, инвестиция, демография

    «Ауылға кітапхана» жобасы аясында «Oitap коворкинг-кітапхана»-ның ашылуына 2 188 300 ₸ аударылды.

    Алдыңғы жазба2050 жылы сенің пенсияңды кім төлейді? Ол кезде пенсия саған беріледі ме?
    2050 жылы сенің пенсияңды кім төлейді? Ол кезде пенсия саған беріледі ме?
    Жамбыл облысы, Меркі қаласында «Oitap коворкинг-кітапхана» ашылды

    Investjasa редакциясы2026 ж. 10 қазан

    Oitap кітапхана-коворкингінің оқу залы

    2 188 300 ₸ аударылды

    Investjasa редакциясы2026 ж. 1 қазан

    Мақалалар
    Қайырымдылық