2050 жылы сенің пенсияңды кім төлейді? Ол кезде пенсия саған беріледі ме?
Зейнетақы, пенсия, инвестиция, демография
Investjasa редакциясы2 мин оқу

Еліміздің экономикасында доллар курсы, мұнай бағасы, салық жүйесі секілді ауқымды мәселелердің қасында "демография" мәселесі еленбей қалып жатады. Қазір бұл әлемдегі, тіпті оның ішінде Қазақстандағы да өзекті мәселе.
Француз зерттеушісі Ж. Божё-Гарнье жасаған, халықтың демографиялық қартаю деңгейін анықтау үшін қолданылатын "Ж. Божё-Гарнье – Э. Россета" шкаласы бар. Бұл шкаланың мәні егер белгілі бір елде 60-тан асқан қарттардың үлесі 12%-дан асса, демек елде қарттардың үлесі басым. Яғни ел демографиялық түрде - кәрі.
Ал, 2026 жылдың басындағы санақ бойынша, еліміздегі 60-тан асқан қарттардың үлесі 2 923 472 адам. Ол дегеніміз жалпы халықтың 14,2%-ы. Демек біздің ел де бұл шкала бойынша "Демографиялық тұрғыда кәрі".
Тағы бір дерек. 2021 жылдан бастап, Қазақстандағы туу көрсеткіші 24,8%-ға азайған. Яғни 2021 жылы ~445 мың бала дүниеге келсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш ~335 мың баланы құрайды.
Бұл құбылыстың мемлекетке көптеген әсері бар. Бірақ біз "демографиялық қартаюдың" зейнетақы қорына деген кері әсерін айтамыз.
Экономикада «Демографиялық дивиденд» деген ұғым бар. Ол — елде жұмыс істейтін жастардың саны зейнеткерлер мен балалардан әлдеқайда көп болатын алтын кезең. Қазақстан дәл қазір осы кезеңнің ең шарықтау шегінде тұр. Яғни зейнеткерлердің ақшасы, көбінде қазір жұмыс жасап жүрген жастардың салығынан төленеді.
Бірақ 2050–2060 жылдары не болады? Қазіргі еңбекке қабілетті миллиондаған азамат зейнетке шығады. Ал олардың орнын басатын жұмыс күші азаяды. Халықтың жаппай қартаю кезеңі басталады. Зейнетақы төлеуде мемлекет қиналады. Өйткені:
Бүгінгі жұмысшының салығы = Бүгінгі зейнеткердің пенсиясы.
1990 жылдары: 1 зейнеткерді асырау үшін 4–5 жұмыс істейтін адам бар еді.
2026 жылы: Бұл көрсеткіш төмендеп жатыр.
2050 жылға қарай: Болжам бойынша, 1 жұмысшыға 1,5 – 2 зейнеткерден келуі мүмкін.
Нәтижесінде Мемлекеттік бюджетке колоссальды салмақ түседі. Мемлекет 2 амалдың бірін таңдауға мәжбүр болады:
- Жұмыс істейтін жастардың салығын (ЖТС/ИПН, ОСМС, зейнетақы жарнасы) екі есе өсіру.
- Зейнетақы көлемін қысқарту немесе зейнет жасын 68-70 жасқа дейін ұлғайту.
Бұл жай ғана қорқынышты сценарий емес. Жапония, Италия және Оңтүстік Корея бұл дағдарысқа батып отыр. Мәселен:
- Жапонияда ересектерге арналған памперстер балалар памперсіне қарағанда көп сатылады.
- Оңтүстік Кореяда туу коэффициенті 0.72-ге дейін құлдырап, экономиканың өсу драйвері тоқтады.
Қазақстанда мемлекеттік зейнетақы жүйесі (БЖЗҚ / ЕНПФ) бұл соққыға дайын ба? 20-30 жылдан кейін миллиондаған азаматтар кедейлік шегінде қалуы мүмкін.
Мемлекет «2050 жылы зейнетақымен қамтамасыз етемін» деп уәде берсе де, макроэкономикалық сандар керісінше айтып тұр. Ал енді сіз бұл жағдайға дайынсыз ба? Сізден бізге 3 КЕҢЕС:
